27 Ақпан, 2017

Мұнай аптаны "плюспен", теңге "минуспен" бастады

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана уақытымен бүгін, 27 ақпан күні, таңғы сағат 11:15-те Брент маркалы мұнай құны 56,69 долларға теңесті. Естеріңізге сала кетейік, өткен апта 56,20-56,70 доллар дәлізінде құбылған баға апта соңы 56,02 долларға дейін түсіп кеткен еді. Ал KASE-нің таңғы сессиясында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312,44 теңгеге тең болды. Еске салайық, өткен аптада бес күн ішінде 8 пунктқа нығңайған теңге бағамы 24 ақпанда 311,49 болған еді.