12 Сәуір, 2011

Қазақстан гуманитарлық қорға қаржы аударды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ливиядағы саяси дағдарыс салдарынан туындаған гуманитарлық мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан БҰҰ гуманитарлық жәрдем үйлестіру жөніндегі басқармасы, БҰҰ босқындар жөніндегі  басқармасы және Халықаралық көші-қон ұйымы аясында құрылған тиісті халықаралық қорға қаржылық үлес қосты. Қаражат Ливия халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі мақсатты бағдарламаларға, атап айтқанда, қауіпсіз қозғалысты және қоныс аударушыларды эвакуациялауды қамтамасыз етудегі, сонымен қатар, аумақтағы гуманитарлық ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетуге арналады. Қазақстан Ливиядағы гуманитарлық дағдарысты еңсеруге және шие­леністің ушығуын төмендетуге бағытталған  халықаралық қауымдас­тықтың күш-жігерлерін қолдайды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.