27 Ақпан, 2017

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық қаржы биржасы сайтында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің жаңа басшысы сайланғаны туралы хабарланды. «Директорлар кеңесі қабылдаған шешім: «Қазақстан ипотекалық компаниясы ИҰ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Арифханов Айдар Әбдіразақұлы сайлансын», - делінген құжатта. Бұдан бұрын директорлар кеңесі басқармасы төрағасының орынбасарлары Рахымжанов Абылай Теңізбайұлы мен Исамбаев Қанат Әшімұлын сайлау шешімі қабылданғаны хабарланған.