12 Сәуір, 2011

Жарыстар күнделігі

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кәсіпқой бокс. Жуырда кә­сіпқой бокстан Бүкіләлемдік серия бойынша өтіп жатқан жарыстың жартылай финал­дық кездесулері өтті. Көптен бері жанкүйерлер күт­кен бұл жекпе-жекте Азия айма­ғынан «Баку файерс» пен «Астана арландары», Еуропадан «Париж юнайтед», Америка құр­лы­ғынан «Лос-Анджелес матадорс» боксшылары кездесті. Мұн­да өз алаңында америкалық команданы қабылдаған «Астана арландары» қарсыластарын 4:1 есебімен ұтса, әзірбайжандық ұж­ым да Бакуде «Париж юнайтед» командасынан осыншама ес­еппен басым түсті. «Астана арландары» сапында Мір­жан Ра­қымжановтан (54 кг.) бас­қала­ры­ның бәрі таза жеңіске жетті. 61 кг. салмақта Мерей Ақ­шалов бра­зилиялық легионер Лопес Эвертонды жеңсе, Қанат Сі­ләм (73 кг.) Ламур Расселді тех­ни­­ка­лық нокаутқа жіберді. 85 кг. сал­мақта астаналықтар сапын­дағы өзбек легионері Рамзжон Ах­медов америкалық коман­да­ның қа­та­рына қосылған украин Вячеслав Шабранскийден басым түс­се, 91 кг.-ден жоғары сал­мақ­тағы Руслан Мырсатаев Дэвид Имоесериді Қанат сияқты но­каут­қа жіберіп ұтты. «Астана арландарының» келесі жекпе-жегі 16 сәуір күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. Осы күні Парижде «Баку алау­лары» алаң иелерімен қолғап түй­істіреді. Жанкүйерлердің жо­ра­малы бойынша финалда тағы да «Астана арландары» мен «Баку алаулары» кездесуі мүмкін. Теннис. Халықаралық теннис федерациясының шешімі бойынша Дэвис кубогы жо­лын­дағы Қазақстан мен Арген­тина арасында өтетін ширек финал­дық кездесулер бір күн ерте өтетіні белгілі болды. Күнтізбеге сәйкес бұл жа­рыс­тар 8-10 шілде күндері өтуі тиіс болатын. Бірақ 10 шілде күні бел­гіленген Буэнос-Айрес қала­сы­ның үкіметі мен мэрін сай­лауға байланысты Қазақстан мен Аргентина арасындағы матч 7-9 шілде күндеріне ауыстырылды. Сөйтіп, 7 шілде күні 2 жекелеген кездесу өтсе, келесі күні жұп­тасу ойыны, ал 9 шілде күні екі жекелеген кездесу өтеді. Дастан КЕНЖАЛИН.