27 Ақпан, 2017

Шотландияның тәуелсіздік алуға ұмтылысы фунттың құнын түсіріп жіберді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дүйсенбі күні Азия сауда сессиясында фунттың құны әлсіреді. Ұлыбританияның ЕО-дан шығу әрекеттерінен әлсіреп қалған фунтқа Шотландияның Ұлыбритания құрамынан шығу туралы бастама көтеруі жығылғанға жұдырық болды. Екінші жағынан, фунттың әлсіреуіне Австралиялық доллардың көтерілуі себеп. Өткен жылдың төртінші тоқсанында жалпы операциялық табыс 8 пайыз өседі деп күтілген Австрия доллары іс жүзінде 20,1 пайызға бір-ақ көтерілген. Ал АҚШ долларының шамасы әзірге тұрақты. Әлемнің алты ірі валютасына шаққанағы құны дүйсенбі күні өзгермеген доллар осы апта соңындағы АҚШ-тағы ірі шаралар кезінде толқуы мүмкін.   Ал теңгенің құны апта басын әлсіреумен бастағанымен, әлі де болса 14 айлық максимумнан алыстаған жоқ.