27 Ақпан, 2017

Құрылыс компаниялары әкімдікті сотқа бермекші

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысында құрылыс компанияларының басшылары Бұқар жырау ауданының "Құрылыс бөлімі" ММ-ге қарсы ұжымдық талап-арыз дайындап жатыр. 2015 жылы осы аудандағы су алып кету оқиғасынан кейін құрылыс компаниялары тасқыннан зардап шеккен үйлерді сүріп тастап, оның орнына жаңа үйлер салған. Осы шығынды жергілікті билік төлеуі керек болғанымен, әкімдік тек жартысын ғана, оның өзін кешіктіріп берген. Шенеуніктер сол кезде құрылыс компанияларының өз қаржысын жұмсауына көндірген. Ал келісімшарт түзіп, ақшаны қайтарып алу үшін республикалық бюджеттен осы мақсатта қаржы қарастырылуын күту керектігін алға тартқан. Бұны қазір әкімдік ауыл халқының үй мәселесін дереу шешу үшін істегенін айтады. "Әкімдік сметаға сай шаршы метріне 150 мың теңгеден төлеуге уәде етті. Бірақ біз 90 мың теңгеден ғана алдық", - дейді Қарағанды облысы құрылыс компаниялар қауымдастығының директоры Найля Каирбекова. Құрылыс компаниясы жетекшісі Александр Мұқановтың айтуынша, компаниялардың жалпы шығыны 15-40 млн теңге аралығында. Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысындағы су тасқынынан кейін 35 елді мекендегі 1700 үй зардап шеккен еді.