27 Ақпан, 2017

Теңге тұрақталды, мұнай бір жылдық максимумға жақын

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы таңғы сессиядан 0,05 теңгеге көтеріліп, 312,49-ға теңесті. Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 16,12-де Брент маркалы мұнай құны барреліне 57,03 долларға саудаланды. Айта кетейік, екі апта бұрын 56,10 долларға дейін қымбаттаған мұнай бағасы 2015 жылдың 12 желтоқсанынан бергі ең жоғары көрсеткішке жеткен еді. Егер осы апта АҚШ энергетикалық агенттігінің апталық мәлімдемесінде АҚШ энергетика секторының қарқыны бәсеңдейтін болса, баға бірнеше аптадан бері сақталып келе жатқан дәлізден шығып, 14 айлық рекордқа қымбаттап кетуі ықтимал.