Қазақ футболының ардагері, даңқты қақпашы, «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Құралбек Ордабаев Қазақстан ұлттық құрамасына Александр Бородюктің бас бапкер болатындығы жайлы өз ойын білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Бородюк мұндай жауапты қызметке тағайындалады деп ойламаймын. Ол бізде жұмыс істеп кетті. «Қайратқа» жетекшілік етті. Берілген міндетті жөнді атқара алмай, өз еркімен кетті. Оның бастауымен команда жаңа маусымға дайын емес еді. Нәтижесінде, маусым басында-ақ бірнеше рет жеңілді. Осыған байланысты басшыларымыз оны ұлттық құрамаға шақырады деп ойламаймын», – деді Құралбек Ордабаев.
«Қазіргі уақытта бапкер ауыстырудың еш қисыны келмейтін сияқты. Биыл негізгі құрама алты ресми кездесу өткізеді. Соның қорытындысы бойынша шешім шығаруға болады. Менің ойымша, Талғат Байсуфинов дұрыс жолда келеді әрі әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерін аяқтауға мүмкіндік беру қажет», – деді даңқты қақпашы.
Айта кетейік, «Спорт-Экспресс» басылымы алдағы айда Александр Бородюк жаңа қызметіне кірісетінін хабарлаған.
• 27 Ақпан, 2017
Құралбек Ордабаев: Бородюк ұлттық құраманы жаттықтырады деп ойламаймын

Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Кеше
Жаңа форматтағы Наурыз мерекесі: Робот-көкпар ел тұрғындарын таңғалдырды
Наурызнама • Кеше
Қазақстанда Наурыз мерекесі қалай тойланды?
Мереке • Кеше
Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Қытай контейнерлік пойыздар санын арттыруға келісті
Қазақстан • Кеше
Жаңа жеңілдетілген ипотека кімдерге беріледі?
Қоғам • Кеше
Оқиға • Кеше
Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Қазақстан • Кеше
Тойған Сариева: Алтын асық қалмасын айдалада
Руханият • Кеше
Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды
Оқиға • Кеше
Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Президент • Кеше