27 Ақпан, 2017

Ірі компаниялар Димашқа жарнамаға түсуге ұсыныс тастап жатыр

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенге әртүрлі компаниялардан жарнамаға түсу туралы ұсыныстар жасалуда. Бұл туралы тілшілерге Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әншінің ресми өкілі сондай-ақ Қытайда Димаштың суреті неге жарнамаға айналғанын, ал, Қазақстанда бұндай үрдіс неге байқалмай жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, Қытайда миллиардтаған халық тұрады, сондықтан, адамның суретін рұқсатсыз пайдаланғандарды «аңду» тіпті мүмкін емес екен. «Қытайда бұны бақылау қиын. Миллиардтаған халық. Олардың әрқайсысымен соттасу мүмкін емес. Сондықтан, бұл бейресми дүниелер. Фанаттардың шығарып жатқан дүниелері бізге ұнайды», - дейді ол. Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, қазір Димашқа әртүрлі компаниялардан ұсыныстар түсіп жатыр. «Брендті компаниялардан ұсыныстар түсті, қазір келіссөздер жүріп жатыр. Қорытындысын хабардар етеміз», - деді әншінің ресми өкілі.