27 Ақпан, 2017

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа жаттықтырушы келді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болып ресейлік Александр Бородюк тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Бородюкпен келісімшарт үш жылға жасалды. Оған құраманы жасарту, жергілікті ойыншылардың талантын ашу сынды бірқатар міндеттер қойылды. 54 жастағы маман соңғы рет 2016 жылы «Қайрат» футбол командасын жаттықтырған. Алматының командасымен Қазақстан Суперкубогын жеңіп алғанмен, премьер-лигадағы сәтсіз ойындары үшін өз еркімен қызметінен кеткен. «Қайратқа» дейін «Торпедо» командасына жетекшілік еткен. Сонымен қатар, Ресей жастар құрамасының бапкері болған. Қазақстан ұлттық құрамасынында ол Талғат Байсуфиновтің орнын алмастырды. Алдағы уақытта экс-жаттықтырушы федерацияның техникалық директоры қызметін атқарады.