28 Ақпан, 2017

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қыстың соңғы күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, құбылмалы ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік және шығысында жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 17-22 м/с күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с болады. Жамбыл, Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35