28 Ақпан, 2017

Үндеуден туындайтын міндеттер сараланды

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті, онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері бойынша Үндеуінен туындайтын міндеттер талқыланды. Оның жұмысына вице-спикер Владимир Божко қатысты. Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассам­б­леясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов «Конституциялық реформа – Қазақ­­станның демократиялық дамуын­­дағы бет­бұрысты кезең», деген тақы­рып­ты таратып баян­дама жасады. Ол өз сөзінде қолға алынып жа­тқан мем­лекеттік билік реформасы Қазақстан қоға­мын демократия­лан­дыру стратегиясын тиянақты жүзеге асырудың көрінісі екендігін айтты. «Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Елбасы халыққа Үндеуінде болашақ өзгерістерді болжай білетін бөлекше қасиетін ғана емес, дамудың ең оңтайлы жол­дарын таба алатындығын да көрсетіп отыр. Мемлекет басшысының Үндеуінен туын­дай­тын міндеттерді орындауда Қазақстан халқы Ас­самб­леясына ерекше жауапкершілік жүктеледі, өйт­кені, конституциялық реформаны қоғамдық келі­сім мен халықтың топтасуы жағдайында ғана ой­дағы­дай жүзеге асыруға болады», деді депутат. Отырыста Парламент Мәжілісінің депутат­тары Сне­жанна Имашева, Екатерина Никитинс­кая, Магеррам Магеррамов, Владимир Бож­ко, Ах­­мет Мурадов сөз сөйлеп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуін осы заман­ғы әлем­­дік саясатта болып көрмеген құбы­лыс деп баға­­ла­­ды, өздерінің таяуда ел өңірлері­не шыққан сапар­­лары­­ның әсерлерімен бөлісіп, Мемлекет бас­шы­сы бастама жасаған конституция­лық ре­фор­­маға жұртш­ылық толық қолдау көрсеткенін айтып берді. Отырысты Парламент Мәжілісі Төрағасы­ның орынбасары Владимир Божко қорытын­дылады. Мәжіліс депутаты, ҚХА депутаттық тобы жетекшісінің орынбасары Юрий Тимо­щен­коның алтыншы шақырылымның екінші сессия­сының бірінші жартыжылдығында атқа­ры­лған жұмыс туралы хабарламасы тыңдалды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.