28 Ақпан, 2017

Жаңғырту жетік технологиямен жүзеге асады (сұхбат)

257 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы туралы ой-пікірлерін білу мақсатында Мәжілістегі «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Меруерт ҚАЗБЕКОВАҒА жолыққан едік. – Меруерт Айтқажықызы, сізге Жолдаудың қай бағыт­тары ерекше әсер етті? – Бизнес-ортадан келген­дік­тен, маған, әрине, ондағы басым­дықтар ерекше әсер етті. Соның ішінде экономика­ны тех­но­логиялық жағынан жаңғыр­ту басымдығы меніңше ең бас­ты мәселе болып табыла­ды. Цифрлы технологияны қолдану ар­қылы жаңа индуст­рия қалыптастыру да нағыз бүгін­­гі күннің талабына сай келе­тін міндет. Оны іске асыру мақ­­саты­мен Президент Үкі­мет­ке «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Меніңше, жаңа индустрияны қалыптастыру жолында оның маңызы өте зор болмақ. Президент оны «Эко­но­миканы жаппай цифрлық жүйе­ге көшіру тұтас саланың жойы­луына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді», деп бағалады. Әрине, «Цифрлы Қазақ­стан­ды» іске асыру жедел жүр­гізіл­мейді. Өйткені, ол үшін елі­міздің барлық өңірі, ең алыс елді мекендердің өзі сапа­лы интернетпен қамтама­сыз етілуі керек. Ал бізде бұл мә­селе әлі толық шешілген жоқ. Жуырда болған жалпы оты­­рыс­тардың бірінде Мәжіліс Төр­аға­сы Нұрлан Нығматулин бұл мәселенің нақты қашан шеші­ле­тінін сұраған еді, осы іске жауапты Үкімет мүшелері күміл­жіп қалды. Сондықтан, «Цифр­лы Қазақстан» бағдар­ламасын бүгінгі күні игеріп кетеміз деп айта алмас едім. Ал­­ды­мен Үкімет осы мақсат­ты иге­ре алатын мүмкіншілік­терді туды­рып алуы керек деп ойлаймын. – Жалпы, экономиканы жаңғыртуда дәстүрлі сала­лар­ды жетілдіру мәселесі де айтылды. Бұл бағытта қандай шаруалардың атқарылғаны дұрыс деп санайсыз? – Әрине, біздің өзімізде қа­лып­тасқан базалық салалар­дың дамуына айрықша қар­қын беруіміз керек. Жалпы, эко­но­миканың жаңғыруына оларды жетілдіре түспесек, қол жеткізе алмаймыз. Осыған орай Елбасы өзінің Жолдауында еңбек өнім­ділігін арттыруға айрықша тоқталды. Оған қол жеткізу үшін жаппай автоматтандыру мен осы заманғы техноло­гия­л­арды өндіріске енгізу қа­жет болатыны белгілі. Бұл мәсе­ле­ге байланысты Прези­дент Үкіметтің алдына, биз­нес-қоғамдастықпен бір­ле­се отырып, 2025 жылға де­йін өндірісті жаппай жаңа тех­нологиялармен жарақ­тандыру бойынша кешенді шаралар әзірлеу міндетін қойды. Бұл – барлық негізгі өндіріс саласын технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру деген сөз. Жаңа технологияларды енгізумен қатар, индустрия­лан­­дыру бағдарламасының шең­­берінде жаңа жобаларға да ерекше көзқарас қалыптастыру қажет. Өйткені, жаңа көз­қарас бол­маса, жаңғырту бағдар­лама­сының тиімді жүргізілуі қиын. Елбасының өзі осы істі қатты сынағанын бәріміз біле­міз. Нұрсұлтан Әбішұлы кәсіп­орындарға орасан зор қаржы құйылатынын, ал нәтижесін­де оның өнімдері сұранысқа ие бола алмайтынын айтқан еді. Бұл – өте дұрыс айтылған сын, елі­міздің Үкіметі жаңа жо­­­ба­­­ларға орасан зор қаржы құй­­­­ған­да оның өнімінің кейін қан­шалықты қажет болаты­нына, экономикалық жағынан қаншалықты тиімді болатынына зер салуы тиіс. Алдын ала мұ­қият зерттеп, саралап алу қажет. Моральдық тұрғыдан ескір­ген жабдықтарды сатып алуды тоқтату керек. Себебі, олар­дың өнімдері ертеңгі күні бә­се­ке­лестікке қабілетсіз болып шығады. Мысалы, Қызылордадағы шыны зауытын алуға болады. Орасан зор қаржы құйылған осы зауыттың өнімдері бәсе­ке­лестікке әлден қабілетсіз екен­дігі байқалып отыр. – Елбасының қазақ­стан­дық өнімдердің экспорт­тық әлеуетін арттыру мәселесі туралы айтқандарына қатыс­ты не дер едіңіз? – Иә, Президент экспортқа шығатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға айрық­ша назар аударды. Осы қатарда Үкіметке 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты 2 есе арттыру туралы тап­сыр­ма берді. Бұл мәселені шешу үшін біздегі барлық өн­­діріс­­тік бағдарламаларды, құ­рал-сай­мандарды бір мақсат­қа ба­ғыт­тап және оны басқару­ды бір ведомствоға шоғыр­лан­­дырып, елде «Экспорт­тық саясат жөніндегі кеңес» ұйым­­дастыруды тапсырды. Бұл кеңес құрылғаннан кейін бір­текті экспорттық стратегия әзірлемек. Осы Жолдаудан алған тағы бір оң әсерім, Елбасы біз­­ге бұ­рыннан белгілі дүние­лерді жаңа көргендей алақай­ламай, қарапайым тілмен айт­қанда, «велосипедті қайта ой­лап шығармай, барлық ха­лық­тарға қажетті тауарлар мен қыз­меттердің сұранысы ара­сы­нан өзі­міз игере алатын дү­ниені қам­тып, соны барынша жетіл­ді­ріп шығаруды тапсырды. Сон­дықтан, Үкіметтің шын мә­нін­­дегі серпінді жобаларды ғана қол­дауын талап етті. Сөй­тіп, Үкі­мет енді тек серпінді жо­ба­­­­­лар­­ды, ертеңгі күні сапа­лы өнім­­­дері сұранысқа ие болып, өте­­тін жобаларды ғана қол­дау­­ға міндетті болып отыр. Осы мін­­детті орындай оты­рып, елі­­­міз­­­дің экономикасы халық­ара­­­лық жүйенің қатарына енуі керек. – Елбасы шағын және орта бизнесті дамыту туралы міндет жүктеді. Осы үдеден шыға аламыз ба? – Шағын және орта кәсіп­кер­лікке жататын өндіріс орын­дары да халықаралық жүйе­ге қосылып, өзінің орнын табуы міндет. Соның ішінде бұл жүйеге енудің жолы, Елбасы атап көрсеткендей, халық­ара­лық франчайзинг құрал­дарын пайдалану. Бұл әдісте ал­дыңғы қатарлы халық­аралық компаниялар өздері­нің техно­логияларын, өн­діріс үдерістерін біздің кәсіп­керлерге әріптестік тәртібімен беріп, өнімдерін жаһандық жүйеге енгізеді. Мысал ретін­де «Макдональд» және т.б. өнім­дерді атауға бола­ды. Халық­аралық зерттеулер­ге қарағанда, стартаптардың («старт алғандар») 70 пайызы ал­ғашқы жылы банкротқа ұшы­­раса, франчайзингпен жұ­мыс істейтіндердің тек 30 па­йызы ғана банкрот болады екен. Бұл үшін мемлекеттен қомақ­ты қаржы бөлініп, тек осын­дай жобалар ғана қолдау көруі керек. Қанша қымбатқа түссе де халықаралық жүйеге қосылу үшін осы амалға бар­ған абзал. Ал шағын және орта бизнес мемлекеттің қол­дауын­сыз бұл істі өзі атқара алмай­ды. Елбасы 2050 жылға қарай ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі кем дегенде 50 пайызға жетуі керек деген міндет қой­ды. Бұл – өте жауап­ты міндет. Қазір Үкімет осы міндет үдесі­нен шығу үшін бірнеше бағдар­ламаны жүзеге асыру үстінде. Сонымен қатар, Жолдауда экономикадағы ұлттық мүд­дені қорғауға айрықша назар аударылды. Осыған қарап, мен бұл құжатты барын­ша қа­ғи­датты Жолдау деп санай­мын. Жалпы, біз халықара­лық ұйымдарға мүше болға­ны­мызбен, өзіміздің ұлттық экономикалық мүдделеріміз­ді ұмытпауымыз керек. Осы орайда шетелдік инвесторларға талғаммен қарау қажет. Егер бұрын біз кез келген инвес­торға қуанатын болсақ, қазір олардың арасынан жаңа тех­нология әкелетіндерін, адам­дарымызды жаңа кәсіп­терге үйрететіндерін және оларға жұмыс беретіндерін ғана таңдап енгізіп, соларға ғана қолдау көрсеткеніміз жөн. Әрине, біз инвесторды елімізге енгізіп, біздің ресурс­тарымызды қолдану арқылы олар­дың табыс табуына мүм­кіндік бергеннен кейін ұлттық мүддеміздің де ескерілуін талап етуіміз өте орынды. Қазір осыны естен мүлдем шығар­майтын уақыт жетті. – Шикізаттық емес секторда шет ел инвестор­лары­ның араласуымен қай саланы көтеруге назар аударылмақ? – Ауыл шаруашылығының өңдеу саласына ерекше назар аударылатын болады. Бізді 1,4 млрд-тық Қытай мен 145 млн-дық Ресей сияқты екі алып рынок қоршап тұр. Ауыл шаруа­шылығы өнімдерін осы елдерге шығару үшін олардың сапасын еселеп арттырып, экон­омикалық тұрғыдан таза, бағасын бәсекелестікке қабі­летті ете алуымыз керек. Сон­да біздің тауарларымызға «жасыл шам» жанады. Ауыл шаруа­­шылығында барлық күш-жігерімізді осы мақсатқа жұмсау­ымыз керек. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»