28 Ақпан, 2017

Белсенді еңбек белеске шығарады

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Көкшетауда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ақмола жол бөлімшесі еңбеккерлерімен кездесіп, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесуде маңызды құжат­тың ұлттық компанияға қа­тыс­ты Мемлекет басшысы бел­­гі­леп берген, көліктік-логи­с­ти­ка­лық кешеніне қатыс­ты бес тап­сырмасын тал­дап, орын­далу жолдары әңг­іме­ленді. Тасы­малдауды ұйым­дас­тыру және жоспарлау жұ­мыс­тарына инно­вациялық жаңа­лықтарды енгізу, сала­дағы техникалық және техно­логиялық жарақтандыру жайы айтылды. Бүгінгі таңда ак­цио­нерлік қоғам 2025 жыл­дарға дейінгі техникалық сая­сат тұжырымдамасын жа­сау­да. Онда ІТ-страте­гия, авт­о­мат­тан­дыру, технология­лық үдеріс­терді цифрлық және ро­бот­тық жабдықтау көрсетіледі. Темір жол көлігі маши­на­­сы өнімдерін экспортқа шығару белсенді атқарылып келеді. Еліміздің кен және мұнай-газ кешені кәсіпорындары­ның тұрақтылығын сақтау үшін бұл саланы жүк вагон­дары­мен қамтамасыз етудің меха­низмдері жетілдірілуде. Биылғы жылы бұл мақсатқа 7-8 мың вагон тартылуы керек болса, 2025 жылдарға қарай 25 мың жүк вагоны қажет болады. Қ.Алпысбаев Жолдауда жүк­телген міндеттерге орай, қазақ­­стан­дық бағыттарды стра­те­гия­лық альянстарға: Ресей, Бела­русь­пен бірлескен көлік­тік-ло­гистикалық ком­па­ния­сы, Кав­каз, Түркия, Шығыс Еуропа елдері­мен Тран­скас­пий халық­ара­лық көлік бағы­тын дамы­ту жөнін­дегі үй­лес­тіру коми­теті­мен бірле­сіп игеру­ге маңыз беру керектігі­не тоқ­талды. «Алдымызда тұрған мін­дет­­терді жүзеге асыра алған жағ­­дай­да өсім бес есеге артып, тран­­зиттік тасымалдан түсетін кіріс көлемі 2020 жылдары 4 млрд АҚШ долларына жетеді», – дей­ді Қ.Алпысбаев. Кездесуде Жолдауда атап көр­сетілген басымдықтар: еңбек­пен қамту, көпшілікті кәсіп­керлікке бейімдеу, жеке­ше­лендірудің мемлекеттік бағдар­ламасын жүзеге асыра оты­рып, ұлттық компания­лар­ды IPO қор нарығына шы­ғару, бизнесті трансформация­лау бағ­дарламасы, көлік­тік-логис­тика­лық инфрақұры­лым­ды дамыту мен құрылысқа жеке инвес­тиция тарту туралы жан-жақты әңгіме қозғалды. Компания жетекшісі сөзінің соңында Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды орындап, стратегиялық мақ­сат­та­рға жету үшін компаниядағы әр­бір еңбеккер белсенді жұмыс іс­т­еуі тиіс екендігін ерекше атап өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» КӨКШЕТАУ