28 Ақпан, 2017

Кезекті кәсіби даярлау курстары аяқталды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас прокуратураның жа­­нын­­дағы Құқық қор­ғау орган­да­­ры ака­­де­мия­сын­да про­к­у­­ра­ту­раның жас қыз­­­мет­ке­р­ле­ріне ар­нал­ған ке­­зекті кә­­сі­би даярлау курс­­та­ры­­ның аяқ­­та­луы­на ар­нал­ған салт­а­нат­­­ты іс-шара өтті. Курс тыңдаушылары ре­тін­де Бас прокуратураның «Прок­у­­ра­ту­раға үздік кадрлар!» жо­ба­сы ая­сында кадрларды ірік­теу­дің жа­ңа жүйесі арқылы қа­­б­ыл­дан­ған 62 жас қызметкер қа­­тыс­ты. Іс-шараны аша отырып, инс­­титут директоры Нұрлан Дәниев ая­қ­талып отырған курс­тардың бі­ре­­гейлігі мен ма­ңыз­дылығын атап өтті, сондай-ақ тү­лектерді оқу­­ды сәтті аяқ­тау­ла­рымен құт­тық­тады. Оқу процесі қадағалау қыз­ме­­тінің басым бағыттарына не­­­г­ізделген. Менеджмент, ше­шен­­­дік шеберлік, әлеуметтік-пси­­хологиялық әсер ету және пси­­­х­ологиялық самбо тәсілдері бой­­­ынша бірнеше сағаттық тре­нинг­тер өткізілді. Әр қатысушы заңнаманы бі­­лу бойынша тестілеуден өтті, фи­зикалық және атыс дайын­ды­ғы бойынша сынақ тапсырды, про­­курордың күнделікті жұ­­мы­сы үлгісіндегі кейстік тап­сыр­ма­­ла­р­ды шешті. Сондай-ақ, тыңдаушылар стра­­тегиялық жоспарлау, қыз­мет­­тегі көшбасшылық пен жеке тиім­­ділік әдістерін меңгерді. Жал­­пы, оқыту кезеңі бойынша тың­­даушылар 166 ака­де­миялық са­­ғат көлеміндегі оқу ма­те­риал­да­­рын меңгерді. Салтанатты жиын соңында жас прокурорларға курстарды ая­қ­­­тағандары туралы сер­ти­фик­ат­­­­тар табысталды. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»