Биыл Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына ширек ғасыр толып отыр. Аталған ұйым 1992 жылы ірге көтеріп, сол жылы Қазақстан Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болып қабылданды. Ал 1994 жылы Лиллехамерде (Норвегия) өткен қысқы Олимпиадаға Қазақстан тұңғыш рет тәуелсіз мемлекет ретінде қатысқан болатын.
Таяуда ХХ ғасырдың ең жүйрік қазағы, қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы, Еуропа чемпионатының жүлдегері болған Әмин Тұяқов Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер спортшы Қазақстан құрама командасының Рио-2016 Олимпиадасындағы жетістігін Ұлттық Олимпиада комитеті жүргізген ауқымды жұмыстардың нәтижесімен тығыз байланыстырады.
«Тимур Құлыбаевтың Ұлттық Олимпиада комитетін басқарып отырғанына аз ғана мерзім болғанымен, ол спорт саласымен бірталай уақыттан бері біте қайнасып келеді. Тәжірибесі мол. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Бокс федерациясын басқарып тұрған кезінде ел боксшылары Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетті. Былғары қолғап шеберлерінің Алматыдағы әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізді. Рио Олимпиадасында спортшыларға қолдау көрсетіп, жарыстың басы-қасында жүрді», дейді әйгілі атлет.
Әмин Тұяқов спортты дамыту ісінде Ұлттық Олимпиада комитеті рөлінің зор екенін айтады. Сол себепті де, ол ұйымға жаңадан келген жас мамандардың ел спортының дамуына сүбелі үлес қосатынына сенімді.
«Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіп алған 17 медаль – тарихи жеңіс. Енді алдағы Олимпия ойындарында медаль санын арттыру, алтын жүлдені көбірек алу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіледі деп сенемін. Ол үшін спортшыларды қолдауды бұрынғыдан да арттыра түсу керек. Ұлттық Олимпиада комитетінің жұмысы жеңіл емес. Сондықтан, бұл жаңа команданың алдында үлкен асқаралы міндеттер мен биік асулар тұр», дейді ол.
Сонымен қатар ардагер спортшы Қазақстанда жеңіл атлетика спортын дамытуға байланысты өзінің ой-пікірімен де бөлісті.
«Ұлттық Олимпиада комитеті жүлдесі көп жеңіл атлетика спортын елімізде дамыта түссе деймін. Ольга Рыпакова сияқты әр жарыстан медаль алып келетін үш-төрт жеңіл атлетіміз болса, Олимпиададағы жүлделеріміздің саны арта түсер еді. Қазір Қазақстанда тек Өскеменде ғана жабық манеж бар. Шымкентте және Алматыда ғана стандартқа сай келетін стадион бар. Сондықтан басқа аймақтарда да жеңіл атлетика залдары мен манеждер саны көбейсе деймін», деп ой түйіндеді Ә.Тұяқов.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32