Өткен жылы Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүрді. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Соңғы жылдар ішінде алғаш рет құрылыс жұмыстарының көлемі 103,3 млрд. теңгені құрап, 4,2 % ұлғайды», – деп атап өтті өңір басшысы.
«Құрылыс саласына салынған инвестициялар 32% артып, 22,6 млрд теңгеге жетті. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 318 мың шаршы метрден астам баспана тұрғызылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8,8% көбірек. Бюджеттік қаражат есебінен 36,6 мың шаршы метр баспана салынды, ал жеке компаниялар 281,6 мың шаршы метр баспана құрылысын қаржыландырды», – деп атап өтті Көкірекбаев.
«2016 жылы кезекте тұрғандарға 10,2 мың шаршы метрді құрайтын екі үй және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша 7,9 мың шаршы метр несиелік үй пайдалануға берілді. 415 отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл 325 мың шаршы метр баспана салуды жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.
• 28 Ақпан, 2017
Биыл Жамбыл облысында 325 мың шаршы метр баспана салынады

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше