Биыл қар қалың түсті. Ал оны аршып алу қиынға соғып тұр. Әсіресе, жасы егде тартқан адам үшін бұл да бір жұмыс. Осыған орай, Ақмола облысында «Жастар – Отанға» жобасы аясында қардан тазарту отрядтары құрылып, тұрғындарға аулаларын тазартуға қолұшын беруде.
Әсіресе, «Жас Отан» ЖҚ-ның Ақкөл аумақтық бөлімшесі белсенділік танытып, «Көмек қолыңды бер» акциясының басталуына мұрындық болып отыр. Мысалы, «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшесінен аудан орталығының тұрғындары Бақытжан Аусалықова, Евдокия Трофимова және Любовь Елисеева келіп, көмек сұраған. Осыған орай, «Жас Отанның» белсенділері болып табылатын №4 Ақкөл орта мектебінің оқушылары қарт адамдарға аулаларын қардан аршып беруге қолұшын беруге кірісті.
Еріктілер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аулаларын, балабақшаларды, жолдар мен шатырларды да қардан тазартты. Олар үшін бұл қызықты көрінгенмен, қарт адамдар үшін бұл үлкен көмек. Осылайша, жастар үлкендердің ризашылығына бөленіп, өздерінің қолқанат болуға жарап қалғандарын сезінуде.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Ләззат Қалтаева Жаңа Конституция мәтінін инклюзивті форматтарға аударуды ұсынды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45
Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?
Аймақтар • Бүгін, 16:38
«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекіту ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:12
Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:01
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:50
Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық
Экология • Бүгін, 15:35
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр
Ата заң • Бүгін, 15:03
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
Несие • Бүгін, 14:48
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:59
Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 13:33