Қазіргі жануарлардың жартысы XXI ғасырдың соңына дейін жойылады. Мұндай болжамды Ватиканда өткен сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу шараларын талқылауға арналған конференцияда әлемдегі жетекші биологтар жасады.
Мамандардың дерегі бойынша қазіргі таңда бес түрлі жануардың бір түрі жойылудың алдында тұр.
Ғалымдар ескерткендей, осындай қауіп заманауи техногенді өркениеттің салдарынан болған. Ол тек жер ресурстарын пайдаланып, орнына ешқандай пайда әкелместен экожүйені жоюда, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Мысал ретінде олар қорықтар орналасқан жерлердегі сирек металдарды өндіруді, маржан рифтерін жоюды, браконьерлердің ісін айтып өтті.
Конференциядағы басты баяндамашы ретінде Стэндфорд университетінің биологы Пол Эрлих мәлімдеме жасады. Оның болжамынша, егер жағдайды бақылауға алмаса, ғасыр соңында жердегі халық саны 12 миллиард адамға жеткенде барлық өркениет құрдымға кетеді.
«Ватикан конференция өткізуді өз мойнына алды, демек бұл дегеніміз – Жерді сақтап қалу мәселесінде дін мен ғылым арасындағы алауыздық жойылды деген сөз», – деп атап өтті іс-шараның ұйымдастырушысы экономист Сэр Парт.
• 28 Ақпан, 2017
XXI ғасырдың соңына дейін жер бетіндегі жануарлардың жартысы жойылуы мүмкін

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше