SpaceX ғарыш компаниясы Айға адам ұшыру туралы жоспарларымен бөлісті, деп жазады ВВС. Аталған компанияның негізін қалаушысы әрі басшысы Илон Маск ғарышқа кәсіби астронавтар емес, қарапайым екі адам ұшатынын айтты. Оның айтуынша, қазір ол екеуі медициналық тексеруден өтуде.
Қазіргі таңда ғарыш кемесі сынақтан өткізіліп жатыр. Ол алдымен пилотсыз ұшырылады. Содан кейін екі адаммен 2018 жылдың екінші жартысында Айға жіберілмек. Бір айта кетерлігі, ғарыш кемесі Айға қонбайды, тек оны айналып ұшып өтеді. Компания басшысының айтуынша, бұл жобаға НАСА серіктестік қолдау көрсеткен. "Біз өз тарапымыздан қауіпті мейлінше азайтуға тырысатын боламыз. Бұл бағдарлама адамзатқа соңғы 45 жылда алғаш рет алыс космосқа ұшуға мүмкіндік береді", дейді компания басшысы Илон Маск. Естеріңізге сала кетсек, Айға адам соңғы рет 1970 жылы ұшқан. Одан кейін НАСА "Аполлон" бағдарламасын бағасы қымбат болғандықтан жауып тастаған еді.Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше