«ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма мүшелері Гаухар Бисембиева және Әділ Батырбеков басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Гаухар Бисембиева банктің бөлшек бизнесіне жетекшілік етеді. Әділ Батырбеков корпоративтік блокты, шағын және орта бизнесті басқаратын болады. Қазақстанның қаржы жүйесінде Гаухар Бисембиеваның 20 жылдық еңбек өтілі бар. Бұл жылдары ол алдыңғы қатарлы банктерде қатардағы маманнан басқарма төрағасының орынбасарына дейін көтерілген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген, сонымен бірге Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған.
Әділ Батырбеков соңғы 20 жыл бойы банк саласында жұмыс істеп келеді. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген, Ноттингем университетінің (Біріккен корольдік) Бизнес мектебінде іскерлік әкімшілік бойынша магистр дәрежесін алған. «ForteBank» АҚ - Қазақстанның ірі банктерінің бірі, 2015 жылы «Альянс Банк» АҚ, «Темiрбанк» АҚ және «ForteBank» АҚ бірігуінен пайда болған.
• 28 Ақпан, 2017
«ForteBank» АҚ басқарма төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Кеше