28 Ақпан, 2017

Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты болды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.

 "Бүгін, 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысында  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46-, 97-1 және 98-баптарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде Серік Жұманғалиұлы Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеу туралы шешім қабылданды", делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының куәлігі мен төсбелгі тапсырды.