12 Сәуір, 2011

Ғарышқа ұшудың 50 жылдығымен құттықтады

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Юрий Га­гарин­нің ғарышқа тарихи ұшуына 50 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке құттықтау жеделхатын жолдады. Барша қазақстандықтар мен жеке өзімнің атымнан Сізді және Ресей халқын Юрий Гагариннің тарихи ұшуына 50 жыл толуымен құттықтаймын! Адамзаттың ғарышқа алғаш­қы сапары барша адамзат үшін айтулы оқиға болды. Ол біздің техника мен ғылымның үлкен же­тістігі, барлық туысқан ха­лық­тардың ұжымдық күш-жігері мен еңбекқорлығының нәтижесі. Адамзаттың ғарыштық сапа­ры қазақстандық Байқоңырдан басталды. Содан бері жүз жыл­дың жартысынан астам уақыт Байқоңырдан ғарыш кемелері мен құрылғылары ұшырылып келеді. Миссиясын аяқтаған ға­рыш­керлерді біздің жеріміз құ­шақ жая қарсы алуда. Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ғарыштық бағдарла­ма­лар­ды жүзеге асырып жатқанына қуа­ныштымын. Біздің жемісті қа­рым-қатынастарымыз біздің мемлекеттер мен халықтардың, барша адамзаттың игілігі үшін жалғасын тауып, дами беретініне сенімдімін, делінген жеделхатта.