28 Ақпан, 2017

Шымкенттегі полиэтилен зауытынан өрт шықты

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шымкенттің индустриялды аймағында орналасқан зауыттардың бірінен өрт шықты. Жалын полиэтилен шығаратын зауыттың 500 шаршы метр аумағын шарпыған, -деп хабарлайды Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Департамент өкілдерінің айтуынша, өрт түнде полиэтилен пакеттерін шығаратын түйршіктердің тұтануынан пайда болып, лезде тарап кеткен. Оқиға орнына 7 техника мен 45 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Зауыт жұмысы уақытша тоқтатылды.