12 Сәуір, 2011

«Болашағымызды айқындап алдық...»

402 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің азаматтарынан, қоғамдық ұйымдар мен бірлестік өкілдерінен, еңбек ұжымдарынан ыстық ықыластары мен жүрекжарды тілектерін білдірген құттықтаулар келіп түсуде. Атап айтқанда, «Түрксой» бас хатшысы Д.Қасейінов ха­тында «ТҮРКСОЙ-ға мүше түркітілдес бауырлас халық­тардың арасын­да­ғы достықты нығайтуға Сіздің қосқан құнды үлесіңіздің маңызы зор» деп Елбасы еңбегін кеңінен атап өткен. Павлодар облысының әкімі Б.Сағынтаевтың хатында Елба­сы­ның сарабдал саясатының арқа­сын­да еліміз биік белестерге кө­те­ріліп, экономикасы да­мыған, әлеуеті орасан, әлемге танымал, гүлденген мемлекетке айналғаны атап өтілген. Мұн­дай игі тілектерді ҚР ҰҒА академигі, Моле­ку­лярлық биология институтының директоры Н.Айтхожина, 1-сы­ныпты ұш­қыш Н.Ақмұқанов, про­фессор Б.Досқараев, Ардақты ана С.Жұ­­мабекова, т.б. білдірген. «Бо­­лашақ» бағдарламасының сти­­пендиаттары, «Халықаралық бағ­дарламалары орталығы» АҚ қызметкерлері «Сіз бастаған ре­форманы жалғастырып, Отаны­мыз­дың жарқын болашағын қам­тамасыз ету үшін әрқашан қолы­мыз­дан келгенді жасауға аян­бай­тынымызды білдіргіміз келеді», деп жазады. «Елімізде тұрақтылықтың ор­науы, әлеуметтік-экономикалық даму, халықтың тұрмыс дең­гейі­нің үздіксіз артуы, шағын және орта бизнестің өркендеуі Сіздің есіміңізбен тығыз байланысты деп білеміз», деп жазады Елба­сыға жолдаған хатында «Жер-Ана групп» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А. Қозбақов. Мұндай мазмұндағы хаттар «Шы­рақ-ПВ» ЖШС бас инженері Т.Салиевтен, «Қазақстан тауар биржасы» АҚ президенті Б.Сәдуақасовадан келіп түсті. «Сізге дауыс беру арқылы біз өзіміздің болашағымызды ай­қын­дай алдық. Ертеңгі күн­ге сеніммен қарайтын бол­дық», деп ағы­нан жарыла жа­зады Шығыс Қа­зақстан облы­сы, Күршім ауданы тұрғын­дарының атынан хат жол­даған авторлар. Бұл хатқа Б.Слямов, Н.Қалитова, С.Ақтанов, Д.Бай­батырова, Қ.Арынғазин, А.Қа­сымбаева қол қойған. Осындай ізгі ниетті тілек білдірген қа­зақ­стандықтар арасында Жам­был облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тұрғыны Е.Се­рік­бай­ұлы, Екібастұздан Мұ­­хамед­жа­нов­тар отбасы, Ал­матыдан О.Мә­ден, Қ.Қаб­долдин, Е.Балбаев, Т.Егізбаев, А.Талипбаева, С.Әшірбеков, т.б. бар. Алматы облысы, Қаске­леңнен хат жолдаған, ұлағатты ұстаз С.Исаев пен С.Қыды­ралиев жүрекжарды тілектерін: «Туған ерсіз қазағымның ба­ғына, Құт-береке дари берсін тағыңа. Елімізді болашаққа бастай бер, Жеңісіңмен қуанта бер тағы да», деп өлең жолдары арқылы білдіреді.