28 Ақпан, 2017

Әлем бойынша ең әдемі жекеменшік аралдар

1391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Іndependent әлемдегі ең әдемі жекеменшік 7 аралдың тізімін ұсынды. "Біреулер үшін күншуақта отырып кітап оқу жақсы демалыс болса, кейбіреулер, әсіресе, қалтасы қалың адамдар уақыт өткізудің басқа жолдарын таңдайды", деп жазды басылым.

 Мальдив аралдарындағы Voavah жекеменшік аралы

Бұл арал 2016 жылы ашылған. Ең көп дегенде 22 адамға демалуға рұқсат етілген. Аралда бір күн демалыс өткізу ақысы 22 адамға £ 36,700.

Vommuli Курорты, Мальдив аралдары 

Бұл арал былтыр ашылған. Оның қонақ үйлері мен басқа да апартаменттер жобасын сингапур архитекторлары жасаған. Бағасы күніне £ 1400-дан басталады.

Хелена-Бей, Жаңа Зеландия

10 адамға арналған демалыс орны былтыр ашылғанымен, арал 2010 жылы табылған. National Geographic жасаған әлемнің үздік демалыс орындары рейтингінде екінші орында тұр. Аралдағы жылжымайтын мүлік сатып алу құны £29 млн. Ал жалға алу құны екі адамға £ 1020.

Zil Pasyon, Сейшель аралдары 

Былтыр ашылған курорт. Бағасы күніне £ 1075.  

Miavana, Мадагаскар

Мадагаскардың солтүстік-шығысында оранласқан ең үлкен бес аралдың бірі. Онда 14 вилла бар. Оларды жалдау құны күніне £ 3360.

Thanda аралы, Танзания

2016 жылдың World Travel Awards сыйлығын иеленген арал.

 Bawah аралы, Индонезия

Ең көбі 70 адмның демалуына мүмкіндік қарастырылған аралдың аумағы - 300 га.