28 Ақпан, 2017

ҚХР екінші бала үшін қаржылай ынталандыру енгізуі мүмкін

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытай билігі екінші баласын өмірге әкелген отбасыларды қолдау үшін қаржылай шаралар енгізуді көздеуде, деп хабарлайды Қазақпарат. "Жэньминь жибао" газетінің электронды нұсқасында жазылғандай, ел азаматтары материалдық қиындықтар салдарынан екінші баланы өмірге әкелуден бас тартуда. «2015 жылы сауалнама жүргізілген отбасылық жұптардың 60%-ы экономикалық себептерге байланысты екінші баланы туудан бас тартатындығын хабарлаған.  ҚХР Денсаулық сақтау және бала тууды шектеу мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары Ван Пэйанның айтуынша, үкімет елдегі отбасылардың екінші баланы өмірге әкелулеріне ынталандыру мақсатында қолдау көрсетіп, соның ішінде ақшалай төлемдер мен субсидиялар енгізуді көздеуде», - делінген басылымда. 2016 жылы Қытайда «бір отбасы - бір бала» саясаты жойылғаннан кейін 17,8 млн бала өмірге келген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 1,3 млн балаға артқан. Туу көрсеткіші соңғы 20 жылда ең жоғары өсімге ие болған.