Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған жаңа басшыларды ұжымдарға таныстырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы Туризм және спорт министрлігі ұжымына осы лауазымда болған Темірхан Досмұхамбетовті ауыстырған жаңа басшы Талғат Ермегияевты таныстырды. Премьер-Министр Т.Ермегияевтың алдына Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуін қамтамасыз ететін жалпыұлттық міндет шеңберінде туризм және спорт салаларының тиімділігін арттыруға байланысты міндеттер қойды.
К.Мәсімов сол сияқты Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті де ұжымға таныстырды.
Жаңа министрді таныстыра отырып, Премьер-Министр Үкіметтің алдында тұрған басты міндет ел Президенті алға қойған стратегиялық мақсаттарды орындау екенін атап көрсетті.