28 Ақпан, 2017

Оралда алимент төлемеген 17 адам ұсталды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
БҚО сотының баспасөз қызметі 17 ата-анаға алимент төлеу туралы ескерту жіберілсе де, міндеттерін орындамағанын хабарлады. «Сот аталған тұлғаларға қатысты материалдарды қарап шығып, барлығын ҚР ӘҚБК 669-бабы «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және 17 тұлғаға қамау түрінде, 2 тұлғаға әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады», – деп жазады БҚО сотының баспасөз қызметі.