Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ө.Е.Шөкеевті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 11-і. № 6.
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Е.Т. Орынбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы
Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 11-і. № 7
* **
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ә.Ө. Исекешевті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметіне тағайындау туралы
Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 11-і . № 8
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
А.С. Мамытбековті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 11-і. № 9
_____________
Асылжан Сарыбайұлы МАМЫТБЕКОВ
1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, мамандығы бойынша – заңгер, экономист. Ағылшын тілін меңгерген.
Университетті бітіргеннен кейін республика Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Қостанай облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. Қостанай облысы, Астана қаласы және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметтеріне тағайындалды.
2008 жылғы қарашадан – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Е.Х. Қазыхановты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындау туралы
Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 11-і. №10.
__________________________
Ержан Хозеұлы ҚАЗЫХАНОВ
1964 жылы туған. Ленинград мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша шығыстанушы-тарихшы. Ағылшын, араб тілдерін меңгерген. Тарих ғылымдарының кандидаты, Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Еңбек жолын республиканың Сыртқы істер министрлігі жүйесінде бастады. Министрліктің бөлім меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, департамент директоры болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметтеріне тағайындалды.
Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Т.А. Ермегияевті Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындау туралы
Талғат Амангелдіұлы Ермегияев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 11-і. № 11
_______________________________
Талғат Амангелдіұлы ЕРМЕГИЯЕВ
1969 жылы туған. Алматы құрылыс-сәулет институтын, Қазақ көлік және коммуникация академиясын, П.Ф.Лесгафт атындағы Мемлекеттік дене тәрбиесі мәдениеті, спорт және денсаулық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – инженер, дене тәрбиесі мәдениеті магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін меңгерген.
Институтты бітіргеннен кейін Халықаралық экономикалық және әлеуметтік реформалар қорының Алматы филиалы директорының орынбасары, атқарушы директоры болып жұмыс істеді, кейін қазақ-австрия бірлескен кәсіпорнының бас директорының орынбасары болды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарушы директоры, вице-президенті лауазымдарын атқарды. «Алматықұрылыс» ұлттық холдингтік компаниясының бірінші вице-президенті болды.
2008 жылғы ақпаннан – Туризм және спорт вице-министрі.
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қ.Н. Келімбетовті Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындау туралы
Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 11-і. № 13
* * *
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Хозеұлы Қазыханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.