01 Наурыз, 2017

Оңтүстік Судандағы жағдай талқыланды

977 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
–Жақында қазақ­с­тан­ның БҰҰ жа­ны­ндағы тұ­рақ­ты өкілдігі Қауі­п­с­­із­дік Кеңесінің Оң­түс­­тік Судан­да­­ғы БҰҰ мис­сиясына арналған кон­­­­сультацияларына қатысты, деп ха­барлады Сыртқы істер ми­ни­стр­лігінің баспасөз қызметі. Онда БҰҰ Бас хатшысының бі­тім­герлік операциялар жөніндегі кө­мек­­шісі Әл-Гасим Уэйн елдегі жағдай ту­ралы баян­дама жасады. Сондай-ақ, Бас хат­шы­ның адам құқығы бойынша кө­мек­ші­сі және Жоғарғы Комиссардың Нью-Йорк­тегі басқармасы офисінің бас­шысы Эндрю Гилмор өзінің Оң­түстік Суданға бар­ған сапарының қо­­ры­тындысымен жә­не онда адам құ­қы­­ғының қорғалу жағ­дайы­мен таныстырды. Делегациялар елде қалыптасқан қиын жағдайды 2015 жылғы Оңтүстік Судан жанжалын реттеу туралы келісім толық орындалғанда ғана оны саяси жолмен реттеуге мүмкін болады деген тоқтамға келді. Ал қазақстандық делегация бұл елдегі гуманитарлық ауыр жағ­­дайға алаңдаушылығын білдіре ке­ліп, аштық зардабын тартып отырған Оң­­түстік Судан халқына азық-түлік же­т­­кізетін гуманитарлық ұйымдардың ке­­дергісіз жүрулерін қамтамасыз етуге ша­қырды. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Оң­түс­тік Судандағы бітімгерлік ми­с­сия­сы­ның тиімділігін арттыруға байланысты нақты ұсыным жасады.