01 Наурыз, 2017

Бағдарлама басшысымен кездесті

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы дін бостандығы жөніндегі бағдарламасының басшысы Кишан Маночамен кездесті. Кездесу барысында тараптар адамның діни сенім бостандығына бе­рілетін құқықтар, діни ұйымдар қыз­меті, аталған саладағы ха­лық­­­ара­лық ынтымақтастық ая­сын­дағы өзек­ті мәселелерді тал­қылады. ­Омбудсмен халықаралық са­рап­­шыларды Қазақстанның дін сала­сындағы заңнамалық және құқық қолдану практикасы, сон­дай-ақ, азаматтардың ар-намыс бостан­ды­ғына берілген құқықтарды қор­ғау тетіктері туралы жан-жақты ақпа­раттандырды. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары дін және наным бостандығы мәселе­лері бойынша халықаралық стан­дарттарды ілгерілету тә­жі­рибесімен бөлісті. Аталған мән мәтінде Қазақ­станда жоғарыда сөз етілген стан­дарттарды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Кездесуге қатысушылар адам­ның діни сенімге берілген құқық­тарды іске асыру және талқы­ланған мәселелер бойынша кон­сультациялар жүргізу саласын­да алдағы уақытта өзара ықпал­дасу қажет­тігі туралы ортақ пікір білдір­ді, деп хабарлады Қаза­қ­стан Респуб­ликасындағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.