01 Наурыз, 2017

Халықаралық шараға Қарқаралының үлесі

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Биыл Қарқаралы ауданында «Жасыл экономика» тұжырымдасының аясында жел электр стансаларын салу жоспарланып отыр. Құрылғылардың құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталмақ. Бүгінгі күні құрылыс ала­ңына 312 гектар жер учаскесі ресім­де­ліп, Германия мен Ресей мемлекеттерінің өнді­ру­ші­ле­рі­мен жасалған келісімшарт бойынша құны 23 млн доллар тұратын қондырғылар жеткізілген. Қуаты 20 мВт болатын аталмыш жел электр стансасы тек 15 мың тұрғыны бар аудан орта­лы­ғын ғана емес, сонымен қатар, жақын маңда орна­ласқан Қарағайлы, Бүркітті, Талды, Көктас, Нүркен, Қасым ауылдарын да жарықпен қам­та­ма­сыз етпек. Одан бөлек, желден алынған балама қуат көзі тұтынушылар төлейтін қаржыны да бір­ша­ма арзандатпақ. Жалпы, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 57-ші қадамына сәйкес, Қарқаралы ауданында туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлініп келе жатыр. Биыл елордамызда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында туристерді тарту жайына орай «Аstаnа Сity Tur», «Саят TRAVEL» сынды туроператорлармен Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ара­сында бірлескен қызмет туралы келісімшарт жасалып, «Сарыарқаның інжу маржа­ны – Қарқаралы» маршруты бекітілген екен. Ау­данда жалпы 26 туристік бағыттағы нысандар бар болса, олар бір күнде 2576 адамға дейін қа­бы­л­дай алады. Соған сәйкес бүгінде Қарқаралы мем­­лекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тур­из­м­ді дамытуға қолайлы 31 жер учаскесі қысқа жә­не ұзақ мерзімге берілуде. Қазірде шағын кем­пингтер, демалу, тамақтану орындары ашылып, Қарқаралының әсем табиғатын тамашалауға ке­летін туристерге қызмет көрсету орындары өз жұ­мыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. ЭКСПО қар­саңында Қарқаралы қаласына ат шалдыратын ту­ристердің ұзын саны 100 мыңға жетпек. Атал­ған қызметтермен қатар, көрікті де көне ша­һарға барушылар үшін тас жолдарды жөндеу жұ­мыс­та­ры­на да бюджеттен қаржы қа­рас­ты­рыл­ған. Ерте көк­темнен бас­тап, рес­пуб­ли­ка­лық, облыстық ма­ңызы бар 60 ша­қырым тас жолды орташа жөн­деуге 650 млн теңге бөлініп отыр. Жалпы, Қарқаралы ауданы алдағы міндеттерді бір мақсатқа жұмылдыру нәтижесінде 2016 жыл­дың бағдарламалары мен индикаторларының то­лық орындалуына қол жеткізіп, облыстың әлеу­меттік-экономикалық даму көрсеткіштері бой­ынша аудан, қалалар ішінде былтыр бірінші орынға шыққан. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы