01 Наурыз, 2017

Азаматтардың ұсынысының әрқилылығы билік жүйесінің шалалығын көрсетеді - Назарбаев

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Азаматтардың ұсынысытарының әрқилылығы билік жүйесінің шалалығын көрсетеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жұмыс тобының қорытынды отырысында мәлімдеді. "Азаматтар ұсынған пікірлердің әрқилылығы біздің кемшілігімізді және билік жүйесіндегі шалалықты көрсетеді. Біздің ендігіде немен айналысуымыз керектігін, әсіресе құқық қорғау органдарының әрменгі ісін көрсетеді. Біз де өлім жазасы бойынша пікір білдірдік, басқа да мәселелер бойынша сөйледік... Жұмыс тобы іріктеп, маңыздыларын қалдыруы керек. Азаматтардың айтып жатқан ұсыныстарын қабылдау керек - әрине, барлығын бірдей осы кезеңде алмаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы азаматтардың барлық ұсынысы ескерілетінін айтты. "Ештеңе де тұрақтап қалмайды, процесс жүріп жатыр, өмір жалғасады, барлығы даму үстінде. Уақыттың талабымен белгілі бір өзгерістер енгізілетін шығар. Мұның барлығы президенттің құзыретін биліктің басқа тармақтары арасында үлестіру үшін жасалып отыр. Өзге елдерде керісінше, президенттің құзыретті кеңейту үшін реформалар өткізіліп, Конституцияға өзгерістер енгізіледі. Ал бізде басқаша, себебі 25 жыл ішінде басқарудың президенттің жүйесі алға қойылған міндеттерді орындады", - деді Назарбаев.