Еліміздің саяси мәдениеті тағы бір сыннан абыроймен өтті. Халық Президент жариялаған Үндеуді мүдделілікпен, біліктілікпен талқылады.
Біз осы үдерістің бел ортасында болдық. Елдің өскендігіне, азаматтардың саяси қырағылығы мен заңнамалық сауаттылығына көз жеткіздік. Сүйсіндік. Пікірлер, ойлар кернеуінен асып-тасып жатты. Халық – биліктің қайнар көзі деген осы! Азаматтық қоғам, ел патриоттары Конституцияның 26-бабы төңірегінде босқа тер төкпеген екен. Елбасы оны біліп, қаперге алып, бұл мәселе бойынша Конституцияға өзгеріс енгізбеуді ұсынды.
Ал Жұмыс тобы жетекшісінің сөзіне қарағанда, Ата Заңның 63-бабын қамтитын 6 мыңдай ұсыныс түсіпті. Бұл, сөз жоқ, азаматтардың саяси белсенділігінің өскендігінің, құқықтық сауаттылығының кемелденгендігінің, елдегі демократияның тағдырына бей-жай қарамайтындығының айқын айғағы.
Қоғам өз пікірін айтты. Өз миссиясын абыроймен орындады. Ендігі жауапкершілік Парламент депуттарында. Олар халық, азаматтық қоғам, саяси партиялар ұсынған нақты ұсыныстарды заң баптарына айналдырып, нақтылап, еліміздің саяси жүйесіне, ең алдымен, Парламенттің өзінің қызметіне қан жүгіртетін нормалар қабылдап, уақыт биігінен көріне ала ма – ендігі мәселе осында.
Қазақстанның саяси жүйесін жандандырудың, оның бүкіл бойына қан жүгіртудің басты тетіктерінің бірі – Парламенттің биліктің дербес тармағы ретіндегі өкілеттіктеріне, заң шығару қызметінің сапасы мен ауқымына байланысты екендігі бүгінде даусыз ақиқат. Парламент депутаттары батылдық көрсетіп, жоба-ұсынысты толықтырып, өз билігін нығайту, әсіресе, елді басқарудағы атқарушы биліктің билік жүйесіндегі біржақты басымдығын еңсеру үшін өзінің халық алдындағы жауапкершілігін жаңа уақыт деңгейінен пайымдап, жасампаздық танытып, елдегі билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыруға ұмтылуы керек.
Біздің тағы бір айтарымыз, депутаттар корпусы заң шығарушы биліктің беделін көтеріп, өрісін, функцияларын кеңейтетін нормалар қабылдауы керек-ақ. Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді. Елбасы депутаттарға тамаша заңнамалық тетікті өзі беріп, өзі ұсынып отыр. Қоғам енді парламентшілерден заңнамалық шығармашылық, батылдық, саяси кемелділік, демократия тағдыры үшін жанашырлық күтеді.
Нәубат ҚАЛИЕВ,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
профессоры, саяси ғылымдар докторы
АСТАНА

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33