Бұл шара «Ел тәуелсіздігіне – 20 жыл» деп аталады. Осы тақырыптағы маңызды, мазмұнды кітап көрмесі енді облыстың шалғайдағы ауылдарын аралайды. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастырумен өтетін бұл көшпелі көрме еліміздің өткені, бүгіні, ертеңі жайында тағылымды, тарихи мағлұматтар бере алады.
Көрмеде әр жылдары жарық көрген ел өмірінің тәуелсіздік алғанға дейінгі, одан кейінгі еркіндік уақыты, болашағын баяндайтын жүзден аса кітап бар. Бұлардың арасында ең басты кітаптар қатарынан еліміздің саясат пен экономикада қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ, Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы мазмұнды кітаптар орын алған. Осы жылдар ішінде еліміз әлем таныған мемлекетке айналды, кең ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды іске асыруда.
Міне, осы жетістіктердің бәрін ауылдықтар жылжымалы стендтердегі полиграфиялық басылымдар арқылы көре алады.
Ал мерекелік кітап көрмесі Ақтоғай ауданының шалғайдағы ауылдарында алғашқы сапарларын бастаған болатын.
Фарида БЫҚАЙ.
Павлодар облысы.