Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті үстіміздегі жылғы қаңтар-наурыздағы кеден органдарының қызметі туралы ақпарат берді. Кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі Е.Байтанаевтың келтірген мәліметтері бойынша кеден органдары 2011 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін бюджетке 262 млрд. 781 млн. теңге түсіріп, болжамды тапсырма 126,2 пайызға орындалыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 138 млрд. 106 млн. теңгеге артық көрінеді. Сонда Қазақстанның әрбір кеденшісі көрсетілген мерзім ішінде бюджетке 183 млн. 300 мың теңге түсуін қамтамасыз еткен. Сөйтіп республикалық бюджетке кедендік төлемдердің түсу үлесі 37,5 пайызды құрап отыр дейді ресми өкіл. Бұған қоса кедендік тексеруді жүргізу нәтижесі бойынша 6 052 млрд. теңге қоса есептелген, бұл ретте іс жүзінде 3 448 млрд. теңге өндіріліп алынған.
Жалпы осы кезеңде 131 қылмыстық және 2 888 әкімшілік іс қозғалған. Есірткі контрабандасы бойынша 25, оның ішінде қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып 16 дерек анықталған. Тәркіленген есірткілердің салмағы 21,607 кг. құрап, оның ішінде героин 12,696 кг. Мәселен, «Достық» кедені ЖШС директорына қатысты жалпы құны 150 570 АҚШ доллар тұратын 6 вагон мыс рудасының контрабандалық фактісі бойынша ҚК 209-бабы 2-бөлігінің «г» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал Жамбыл облысы бойынша КБД қызметкерлері «Меркі» БӨП «Бішкек-Луговой» бағытындағы жолаушылар пойызында Қырғыз Республикасының азаматынан салмағы 5 кг. 920 грамм героин тәркіледі. Ұйымдастырушылық, қылмыстың алдын алу және басқа да жүргізілген шаралар нәтижесінде кеден қызметкерлерінің құқық бұзушылық және өзге де қылмыстар жасауы азайды. Бұл орайда бірінші тоқсанда кеден органдары лауазымды тұлғаларына қатысты 17 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде басқа құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда 14 іс қозғалды. Осы кезең ішінде кеден органдары қызметкерлері жасаған 13 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталды. Сөйтіп, өткен жылмен салыстырғанда кеден органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық 50 пайызға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың 70 пайызға төмендеуі байқалды.
Кеден одағы сыртқы шекарасының қазақстандық учаскесіндегі өткізу пункттерінде бақылауды күшейту мақсатында Кедендік бақылау комитеті оңтүстік шекараны кедендік бақылаудың осы заманғы техникалық құралдарымен жарақтандыруды одан әрі жүргізуде. Мәселен, 2010 жылы кедендік бақылаудың инспекциялық тексеріп қарау кешені, көлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің жолақтары, багаждар мен қол жүктерін сканерлеуге арналған рентгентелевизиялық аппараттар, дербес қол тигізбей тексеріп қарау жүйесі және радиациялық бақылаудың 6 автоматтандырылған жүйесі техникалық құралдарын орнату аяқталды. Үстіміздегі жылы да кедендік бақылауды осы заманғы техникалық құралдармен жарақтандыру жоспарланып отыр.
Александр ТАСБОЛАТОВ.

Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49