03 Наурыз, 2017

Президенттің шаруашылық саласындағы 35 өкілеттігі төменгі деңгейге беріледі

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет Президенттің шаруашылық басқару саласындағы 35 өкілеттігін төменгі деңгейге беру жөнінде заң жобасын дайындайды. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Ондағы өзгерістер қоғамды ары қарай демократияландыруға бағытталған. Парламенттің рөлін арттырып, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге арналған жобалар. Ол құқық қорғау, сот жүйесі, конституциялық бақылаудың негіздерін де жетілдіреді. Сонымен бұл жобада Парламент талқылауына Конституцияның 23 бабына өзгерістер ұсынылып отыр. Заңдар да ұзамай Парламентке енгізілетін болады. Біз осы заңдар арқылы билік тармақтары мен олардың арасындағы өкілеттіктерді барынша тиімді етіп қайта бөлеміз. Осының барлы жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге уақытылы жауап беріп, алдын алу үшін жасалуда», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, конституциялық реформа 5 саладан тұратын ұлт жоспарымен және жақында жарияланған үшінші жаңғырумен қатар жүзеге асырылуы тиіс. "Менің Жолдауымда айтылған міндеттер заң шығарушы, атқарушы органдарға ерекше жауапкершілік  артады. Жаңа жаһандық  жағдайда мемлекеттің стратегиялық бағдары өзгермейді. Біздің межеміз даму көшінің басындағы 30 елдің қатарында болу. Негізгі мақсат - сол. Саяси және технологиялық жаңғырудың  мақсаты да осы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.