03 Наурыз, 2017

Motorola RAZR V3 телефоны қайта шығарылады

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Lenovo басшысы Ян Юанцинь аталған компания 2004 жылы ең көп сатылған ұялы телефондардың бірін қайта шығара бастайтынын хабарлады, деп жазады Reuters. Компания директорының айтуынша, Motorola RAZR V3 телефоны бұрынғыдай қызығушылыққа ие болуы мүмкін.

Бір айта кетерлігі, Lenovo 2014 жылы әлемдегі ең көп смартфон сататын үшінші компания болды. Ал америкалық Motorola компаниясын сатып алған соң тоғызыншы орынға түсіп қалды. Оның себебін мамандар компанияның Қытайдағы Huawei, Oppo, Vivo секілді компанияламрмен бәсекеге қабілетті бола алмағанымен түсіндіреді.