Жапонияда аз уақыт қана бұрын пайдалануға тыйым салынған криптовалюта сәуір айынан бастап қайта айналымға енбек.
Жапония билігі биткойнды ресми валюта ретінде мойындайтын жаңа заңды қабылдады. Осының алдында елдегі қаржы нарығындағы компаниялардың криптовалютаны пайдалануға тыйым салынған еді.
Жапонияның ең дамыған технологиялық ел деген атына қарамастан, ел билігі биткойндар туралы бейтарап ұстанымда болған.
Алайда, өткен жылы биткойнның құны 9 пайызға өсіп, қазіргі таңда 5 мыңнан астам фирма криптовалютаны төлем құралы ретінде қабылдауда.
Айта кету керек, криптовалютаны ресми төлем құралы ретінде мойындайтын жаңа құжатта осы валюта түрімен жұмыс істейтін компанияларға қосымша жұмыс тудырмақ. Өйткені, бұл валютамен жұмыс істейтін компаниялар мемлекетке өтінім беріп, лицензиялық алым төлеуі керек. Бұл шамамен 300 мың доллар көлеміндегі алым. Ал мемлекет лицензия бермейтін болса, алым компанияларға қайтарылып беріледі. Рұқсат алғаннан кейін компания 100 мың доллар көлемінде резервтік валюта ұстауы керек. Сонымен қатар компания мемлекетке биткойндардың заңды жұмыс істеп жатқаны туралы есеп беріп отыруға міндетті.