03 Наурыз, 2017

Google Pixel ноутбуктерін шығаруды тоқтатты

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барселонада өткен Mobile World Congress көрмесінде Google компаниясының вице-президенті Рик Остерло Chromebook Pixel ноутбуктерін шығару тоқтатылатынын айтты, деп жазады GSMArena.com.

Аталған компанияның топ-менеджерлерінің айтуынша, компанияда хромбук шығару бойынша әзірге еш жоспар жоқ. Бірақ бұл Chrome OS операциялық жүйесінің жұмысына қалай әсер ететіні белгісіз.

Басылымның хабарлауынша, ноутбуктерден компанияның бас тарту себебі оның бағасында болуы мүмкін.