04 Наурыз, 2017

"Астана Арландары" жеңіске жетуі қажет - Нұрлан Ақүрпеков

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) кезекті маусымында «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» арасындағы кездесу өтеді. Осыған орай бүгін «Байзар» сауда орталығында жекпе-жектер алдындағы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады dodasport.kz. «Астана арландары» секілді бокс командасының Атырау жерінде сынға түсуі үлкен жауапкершілікті қажет етежі. Болашақ жас боксшыларымыз шеберлердің бәсекесін өз көздерімен тамашалап, солардан үлгі алады деп ойлаймын. Сонымен қатар, қаламызда мұндай бокс кеші бұрын-соңды болмады», — дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет. «Астана арландары» бокс клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Атырауда да талантты боксшылар бар екенін айта кетті. «75 келі салмақта Амандық Манашев пен 60 келіде Ержан Ордабаев жақсы боксшылар екен. Болашақта осы жігіттерден үлкен нәтиже күтуге болады. Команданың біраз бөлігі жастар. Сондықтан барлығы әлі алда», — дейді бас бапкер. «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» құрамы таныстырылып, салмақ өлшеу рәсімі өтті. 49 кг: Теміртас Жүсіпов — Джунджун Хе 56 кг: Ілияс Сүлейменов — Лонг Ванг 64 кг: Ділмұрат Мижитов — Янг Лю 75 кг: Сапарбай Айдаров — Минганг Жао 91 кг: Антон Пинчук — Сергей Новиков. Айта кету керек, бұл додаға келген Қытай құрамасының қатарында мықты бокшылар бар. Мысалы 75 келі салмақтағы  Минганг Жао Рио Олимпиадасына қатысқан. «Айдаһарлар» менеджерінің айтуы бойынша құрама түгел делік Аспанасты елінің чемпиондарынан құралған.