Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында ел тағдырының аса маңызды мәселесі Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі мәселе қаралды. Өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев конституциялық өзгерістердің тарихи маңызы жөнінде ұлағатты сөз айтты. Қазақстанның кезекті демократиялық қадамы кезінде Конституциялық өзгерістерге бүкілхалықтық талқылау барысында келіп түскен ұсыныстардың барлығы егжей-тегжейлі зерттеліп, олардың барлығы да осы қос палатаның бірлескен отырысына ұсынылып отырғанын Елбасы өз сөзінде айтып өтті.
Біздің қоғам өсіп-өркендеп, тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығында әлемдік аренаға танылған мемлекеттердің біріне айналды.
Елбасы осы конституциялық реформаларды бүкілхалықтық талқылауға ұсынған кезінде сөйлеген сөзінде «Дүние өзгеріп келе жатыр. Сондықтан біз де заманның үдерісіне қарай, заманның талабына қарай өзіміздің мемлекеттік жүйемізді өзгертетін реформалар жасауымыз керек», деген болатын. Осы жолғы талқылауға бүкіл қоғамдық ұйымдардың, барлық қазақстандықтардың ой-пікірлерінің ашық айтылуына жағдай жасалғанын көріп отырмыз. Баспасөзде, теледидарда, интернет желілерде осы мәселе айқын талқыланды. Осыған қарағанда қазақстандық қоғамның демократиялануы, мемлекеттіктің нығайғаны, еліміздегі ынтымақ пен бірліктің нығайғаны байқалады.
Қос палатаның бірлескен отырысында күн тәртібіне қойылған мәселе біздің мәңгілік ел болуға, ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу жолында өзіміздің елдік мүддемізді орындауға толық мүмкіндік беретін өзгеріс болатынына бек сенімдіміз.
Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
Парламент Сенатының депутаты
• 04 Наурыз, 2017
Жалпыхалықтық талқылау ой мен сөз еркіндігінің көрінісі

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше