04 Наурыз, 2017

Құқықтық мемлекеттің бір айғағы

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  Бүгінгі отырыста мен­шік құқығы мәселе­­сі өте жақсы көтерілді. Әсіресе, өзге елдерден инвес­тор­ларды тарту мақсатында жасалған маңызды қадам болатын. Шетелдіктер көбіне меншіктік құқыққа айрықша мән береді. Бәлкім, бұл дер кезін­де жасалмаған шығар, бірақ мемле­ке­тіміздің өзіндік бағытын айқындағаны ерекше ұнады. Дегенмен, бұл жерде халық басқа қырынан алып талқылады. Сонымен қатар, бір айта кетер­лігі, Президенттің мемлекет бас­қару ісіндегі біліктілігі және өзіне берілген билікті өте тиімді және халықтың игілігіне пайдалана алуы, сол арқылы биліктің беделін көтеруі Үкімет пен Парламентке үлгі болып, би­ліктің өзге тармақтары да Пре­зиденттің қызмет ет­кенін­дей қызмет ете алса, біз­дің болашағымыздың жар­қын болары сөзсіз. Оның үстіне, қазір әлемнің кей елдерінде Мемлекет бас­шысының өкілеттіктері кері­сінше артып жатыр. Ал біз бір қалыпқа түсіп, жүйелі дамуды бетке ұстағандықтан, қазіргі кезде Президенттің өзінің осы ұсынысы­мен биліктің басқа институттарының, атап айтар болсақ, атқарушы және заң шығарушы биліктің рөлі мен жауапкершілігі күшейтілуде. Бұл елдегі қабылданатын заңдардың сапасы мен олардың атқарылуында халыққа қызмет етудің жаңа бір белесі болмақ. Бұл – біздің Конституциямызда көрсетіл­ген құқықтық мемлекет екендігінің бір айғағы. Светлана БЫЧКОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты