04 Наурыз, 2017

Партия құрдастары – партия қатарында

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай, Алматы қалалық филиалында партия белсенділері мен белгілі қоғам қайраткерлерінің, жастардың қатысуымен салтанатты жиын болып өтті. Еліміздің Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Нұр Отан» бүгінде ең ірі қоғамдық-саяси партияға айналды. Өзінің жүйелі қызметі, бағ­дар­ламалары арқылы халық алдында зор беделге ие болған партия әрқашан ай­мақтардағы қолдаушыларына сүйе­не­­ді. Республикалық құрылымда 1 ми­л- лион­нан астам мүшесі болса, Алматы қалалық филиалындағы 731 бас­тауыш ұйымда 85 мыңға жуық адам бар. Әрине, санмен бірге сапа да өскенін атап өткен орынды. 2016 жылы республикалық Желі­лік кестеге сәйкес қалалық филиал 3200 іс-шара өткізіп, оларда 300 мың­нан ас­там адам қамтылды. Фракция мү­ше­лерінің қолдауымен тұрмысы тө­мен от­басылар үшін 10 млн тең­ге­­нің қай­ы­рым­дылық көмегі көр­се­тіл­ді. Дәстүр бойынша Партия күні қар­са­­ңында жаңадан мүшелер қабыл­дан­д­ы. Мәселен, олардың арасында бел­гілі журналист, республикалық «Казахстанская правда» газетінің фото­тілшісі Юрий Беккер, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, Қазақстан Жастар одағы сый­лығының лауреаты Ерлан Біләлов, Алматы қаласы Индустриялық аймақ­тың қа­ты­сушысы, «BRB APK» жылы­жай ком­паниясының директоры Нұр­лан Әділхан, 28-ші қысқы Уни­вер­сиа­да-2017 дирекциясының волонтерлармен жұмыс департаментінің директоры Абылай Қондыбаев, т.б. белгілі азаматтар бар. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ