04 Наурыз, 2017

Денсаулық сақтаудағы бес бастама

199 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Денсаулық сақтау министрлігі 2016 жылдың қорытындысы бойынша және алда тұрған міндеттер жайын қарастырған кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Отырыста баяндама жасаған Ден­сау­лық сақтау министрі Елжан Біртанов ал­қ­алы жиынның жеке министрлік болып құ­рылған кезеңде өтіп отырғанын айтып, за­ман талаптарына сай министрлікте жа­ңа 3 комитеттің өмірге келгенін алға тартты. Елбасының биылғы Жолдауында ден­­саулық сақтау саласының алдына қой­ылған міндеттерді орындау мақ­са­тында министрліктің 5 негізгі бастама­ны анықтап, соған сәйкесті көптеген жұ­мыстардың атқарылуы тиіс екенін н­а­зарға ұсынған министр олардың әр­қай­сысына жеке тоқталып өтті. Сонымен ол қандай бастамалар? Бірінші бастама – денсаулық сақтау жүйесін пациенттердің мүддесіне қарай интеграциялау деп аталыпты, яғни бұл ал­ғашқы профилактикалық буын дең­гейі­нен бастап, одан кейінгі барлық ке­зеңдерді қамтитын медициналық кө­мек көрсетудің біріктірілген жүйесін ен­гізу болса, бұл ретте атқарылатын жұ­­мыс­т­ардың қарасы әжептәуір. Атап айт­қанда, адамдардың ғұмыр жасын ұза­р­ту бағытында ұлттық бағдарлама қа­былдау жоспарланып, саланы цифр­лау және ақпараттандыру жөніндегі ша­ралар өз жалғасын таппақ, сонымен бірге, емханаларға тіркеу ережелері оңтайландырылатын көрінеді. Екінші бастама – ЭЫДҰ ұсы­ныс­та­ры­на сай стандарттарды сәй­кес­тендіру. Бұл шаралар аясында жеке медицина­ны дамытудағы кедергілерді жою, мем­лекеттік функцияларды тәуелсіз кә­сіби ортаға беру, дәрі-дәрмек және ме­ди­циналық бұйымдардың бағасын рет­теу жоспарланған. Үшінші бастама ре­су­рстарды тиімді қолдану мәселесіне қа­тысты. Денсаулық саласындағы ин­фрақұрылымдық және кадрлық сая­сатты қайта қарауға, жеке және ше­- т­елден инвестициялар тарту мен мем­лекет-жекеменшік әріптестігін да­мытуға, ғылым мен медициналық бі­­лімді жетілдіруге мән берілетініне на­­­з­ар аударған ведомство басшысы, төр­тін­­­ші бастаманың қаржыландырудың оң­­­­тайлы жүйесін қалыптастыруға қа­тысты екенін айтты. Бұл ретте бір­неше мін­дет алға шықпақ. Мәселен, ст­а­­цио­нарлық көмекті пайдалану деңгейін тө­мендету, озық медициналық транс­ферт­терді енгізуді ынталандыру, ал­ғашқы медициналық-санитарлық кө­мек бюджетін қажеттіліктерге қарай бө­лумен қатар негізгі қорларды, ка­питалдық шығындарды, медициналық жә­не ақпараттық технологияларға қыз­мет көрсетуге кететін шығындарды, қар­жылық қызметтердің шығындарын есеп­ке ала отырып, тарифтер мен шы­ғындарды қайта қарау жоспарланып отыр. Бесінші бастама – пациентке есеп беретін және транспаренттілікті қа­растыратын жүйені басқару. Осындай қадау-қадау бес бастамаға мән бере сөйлеп, медициналық мекемелерге шаруашылық жүргізу құқын бере отырып, корпоративтік басқару жүйесін енгізу тәрізді өзекті мәселелердің кезекте тұрғанын ведомство басшысының ортаға салуынан сала бойынша алда көптеген өзгерістер жүретінін аңдауға болатындай. Әрине, денсаулық сақтау саласында жүретін өзгеріске елеңдемейтін жан жоқ. Бас ауырып балтыр сыздай қалса бара қалатын, көмек сұрайтын орның – медициналық мекемелер. Оның үстіне 2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ел азаматтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық көмек алу және медициналық мекемені таңдау құқына ие болады. Азаматтардың бірқатар санаттары үшін МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдер жасау 2017 жылдың 1 шілдесінен басталса, келесі жылдың басынан бастап МӘМС тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша қаржылық оператор және МӘМС аясындағы медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы қызметін атқара бастайды. Алқа отырысынан ұққанымыз МӘМС-ті енгізу бүкіл денсаулық сақтау жүйесін реформалаумен бірге кешенді түрде жүргізіліп отырады. Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық мәселелер (жұқпалы емес аурулардың өсуі, жаңа технологиялар енгізілуіне байланысты саладағы ресурс тапшылығының өсуі, егде жастағы тұрғындар санының өсуі) бұл салаға кететін шығындардың көбеюіне әкелуде, сондықтан да мемлекетке де, халыққа да оның ең бір оңтайлы, ең бір тиімді жолдарды қарастырып жүргізілгені басты олжа болмақ. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»