04 Наурыз, 2017

Ауылдық округ күні

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің барлық өңірінде Ауылдық округ күні аясында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау бойынша ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің көшпелі отырыстары өтті. Іс-шараға 2000-нан астам адам қа­тысты: ҚХА-ның Қоғамдық келісім ке­ңестерінің, ардагерлер кеңестерінің, ме­диация орталықтарының, ғылыми-са­раптамалық кеңестің мүшелері, этно­мә­дени бірлестіктердің, білім беру, ішкі және жастар саясаты бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс аясында Қоғамдық ке­лі­­сім ке­ңе­стері ауыл тұрғындарын қа­был­дап, кәсіби медиаторлар кеңес беру қыз­­мет­терін көрсетті. «Егемен-ақпарат»