Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіров қолданыстағы заңнамаға сәйкес Президентке 2016 жылғы қызметі туралы есепті ұсынды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.
Аталған құжат қаралған азаматтардың шағымдары мен өтініштерін, мониторингтік қызмет нәтижелерін, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын талдау негізінде жасалған, Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтарын іске асыру жағдайына шолу болып табылады.
Бұл құжат ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелері мен адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ, оларды қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Мемлекет басшысының қарау қорытындысы бойынша қажетті іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.