Бүгін Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар пысықталып, қызу талқыланды. Атап айтсақ, Президент тағайындайтын министрлер тізімі нақтыланды, деп хабарлады 24.kz.
Комитет мүшелері Елбасы Ішкі істер министрін де өзі тағайындайтындығын айтты. Оған дейін еліміздің Сыртқы істер, Қорғаныс және Әділет министрін тағайындау Мемлекет басшысының құзіретінде қалған болатын.
Президент ішкі және сыртқы саясатты іске асырып, ұлттық қауіпсіздікке жауап береді.
«Бүгінгі таңда Парламент заңға қол қойғанша Елбасы Конституциялық кеңеске сол заңды жіберуге құқылы. Конституцияның нормасына сәйкес пе, әлде басқаша ма, осының бағасын беріңдер деп жіберуге құқылы. Ал енді Конституцияның 44-бабына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров.
• 04 Наурыз, 2017
Президент тағайындайтын министрлер тізімі нақтыланды

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше