04 Наурыз, 2017

Шығыс Қазақстанда 70 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өскеменде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 70 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлады 24.kz. Бір ерекшелігі бұл пəтерлер меншікке кірмейді. Яғни, қызметтік баспана тек қана 5 жылға дейін жалға беріледі. Жатақхананың жалпы аумағы – 4,5 мың шаршы метр. Баспаналы болған 31 отбасы аталған бағдарламаның қолданушылары болса, қалғаны – жас отбасы. Олардың арасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар да бар. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша пәтер кілтіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Мемлекетке көмек көрсетіп жатқанына алғыс білдіремін. Менің жұмыс істеп жүргеніме 8 ай болды. Осы 8 ай уақыт ішінде кезекке тұрып, осы бағдарлама бойынша баспана алып отырмын», - деді қоныс иесі Ерсін Ақпанов.